Камчаткада жоғалып кеткен тікұшақтың бөлшектері жанартау маңынан табылды

Сурет: pixabay
Іздеу тобы Камчаткадан 2024 жылы 31 тамызда байланысқа шықпай қалған Ми-8 тікұшағының бөлшектерін тапты. Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында 22 адам болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Камчатка өлкесінің ТЖ министрі Сергей Лебедев тікұшақтың апатқа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Жоғалған тікұшақтың бөлшектерін әуеден байқаған. Талқандалған тікұшақ соңғы рет байланысқа шыққан маңнан 900 метр биіктіктен табылды", деп түсіндірді өңірдің ТЖМ басқармасы.

Жолаушылардың қаза тапқаны туралы ресми ақпарат әлі жарияланбады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, бортта 19 турист және үш экипаж мүшесі болған. Елизов ауданы Николаевка елдімекені маңындағы Вачкажец таулы аймағына қонуы тиіс МИ-8 тікұшағы 31 тамызда межелі жеріне жетпеген.  

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты