Тель-Авивте ереуілге байланысты әуежай жабылады

Фото: unsplash
Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайы жалпы ереуілге байланысты 2 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша таңғы 8:00-ден бастап ұшу және қону үшін жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Channel 12 мәлімдеді.

Ереуілге Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы жерасты туннелінен алты кепілге алынған адамның мәйітін тапқаны себеп болды. Сот-медициналық қорытындыларға сілтеме жасаған Ynet деректеріне сәйкес, кепілге алынған адамдардың денелерінде оқ жарақаттарының іздері табылды. Сондай-ақ, олар соңғы 48 сағат ішінде өлтірілген.

Израиль Палестинаның ХАМАС қозғалысын болған оқиға үшін айыптады, ал содырлар кепілге алынғандар Израильдің шабуылынан қаза тапты деп мәлімдеді.

25 тамызда Израильдің солтүстігіндегі шиеленісті жағдайлардан кейін Air France, Біріккен Араб Әмірліктеріне қарасты Etihad Airways және Грецияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авивке қатынайтын барлық рейстердің тоқтатылғанын жариялады.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады