Тәжікстанда мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтады

Сурет: freepik
11 қыркүйекте Душанбеде белгісіз адам Тәжікстанның бас мүфтиі, Үлем (мұсылман діни қызметкерлері) кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлағандай, оқыс оқиға намаз аяқталғаннан кейін Душанбедегі орталық мешіттің жанында сағат 17:20 шамасында болған.

"Кешкі намаз аяқталғаннан кейін Душанбе қаласының орталық мешітінде бір азамат Тәжікстан Республикасы Үлемінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданың денесіне сұғу-кесу затымен (пышақпен) соққы берді", делінген хабарламада.

Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген. Дәрігерлер оған оқиға орнында қажетті көмек көрсетті, содан кейін ол үйіне жеткізілді.

Қылмыскерді ішкі істер органдарының қызметкерлері ізін суытпай, бірден ұстады. Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, алдын ала тергеу амалдары қолға алынды.

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды