Иранда шахтада жарылыс болып, 50 адам қаза тапты

Сурет: Х/Isna
Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан қаза тапқан адамдар саны 50-ге артты, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tasnim агенттігі осындай мәлімет таратты. Алдын ала келтірілген деректерге сүйенсек, шахта туннельдерінің бірінде жиналған метан газы салдарынан күшті жарылыс болған.  Жарылыс кезінде В және С блоктарында 69 адам болыпты.

"В блогынан 20 кенші сыртқа шығарылды, ал С блогындағы 30 адам түгелдей опат болды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр", деп жазады агенттік.

Бұған дейін қаза тапқан адамдар саны 30 деп хабарланған.

Табас көмір кеніші ел астанасы Тегераннан 540 шақырым жерде орналасқан.

Иран президенті Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару және олардың отбасыларына көмек көрсету үшін бар күш-жігерді салуды бұйырды. Сондай-ақ ол оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады