Непалда үздіксіз жауған нөсер жаңбыр салдарынан 122 адам қаза тапты

Сурет: Х/nanana365media
Катманду мен оған жапсарласқан орналасқан елдімекендерге 2024 жылдың 28 қыркүйегінде жауған нөсер жаңбыр салдарынан 112 адам қаза тапты, тағы 70-ке жуығы хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hindustan Times газетінің хабарлауынша, Непалдың астанасында соңғы тәулікте 1970 жылдан бері алғаш рет жауын-шашынның ең көп мөлшері тіркелді. Салдарынан ойпатты жерде орналасқан елдімекендерді су басты.

Гималай мемлекетінің метеорологиялық орталығының мәліметінше, Катмандуға орта есеппен 240 мм жауын-шашын түскен, кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 322 мм-ға дейін жеткен.

"Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өлім-жітім саны артуы мүмкін. 29 қыркүйекте таңертең құтқару бригадалары 3,3 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Құтқару жұмыстарына тікұшақтар,  сал мен моторлы қайықтар тартылды", – деді полиция өкілі Дэн Бахадур Карки.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды