Өзбекстандық бойжеткен "екінші әйел" болуды ұсынған сүйіктісіне пышақ ала жүгірді

Фото: pexels
Өзбекстанда сүйіктісінің басқа қызға үйленгелі жатқанын естіген 24 жастағы бойжеткен ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kun.uz мәліметіне сүйенсек, оқиға 2024 жылдың мамырында жастардың көлікте отырған сәтінде болды.

Олар 2019 жылдан бері қарым-қатынаста болған.

Әңгіме барысында жігіт өз өмірін басқа әйелмен байланыстырғысы келетінін айтты. Жұбаныш ретінде ол сүйіктісіне, егер оның отбасы келіссе, екінші әйелі болуды ұсынды.

Бұл ұсынысқа ренжіген қыз ас үй пышағын алып, жігітке төрт рет соққы берді. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, онда оған медициналық көмек көрсетілген.

Бойжеткен оқиға орнында ұсталды. Каршин қалалық соты оны қасақана ауыр дене жарақаты үшін кінәлі деп тауып, 3 жыл 11 айға бас бостандығын шектеді.

Бұған дейін Өзбекстанда ер адамның әйелін, жаңа туған қызын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы