Неміс дәрігері сегіз науқасты өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: freepik
Берлиндік дәрігер сегіз егде жастағы науқасты өлтірді деген күдікке ілінді. Тергеушілердің айтуынша, күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін кейбір үйлерді өртеп те жіберген көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News ақпаратынша, жеке басы жария етілмеген 40 жастағы ер адам үйдегі мейірбикелік қызметтегі паллиативті көмек бөлімінде жұмыс істеген.

Тамыз айында ол 72 мен 94 жас аралығындағы төрт әйелді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, ал қазір Берлин прокурорлары оны 61 мен 83 жас аралығындағы ерлер мен әйелдердің тағы төрт өліміне күдікті ретінде таныды.

Тамыз айында полиция ер адамға қатысты төрт адам өлтіру, бір өртеу және үш өртеуге әрекеттенгені бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Енді Берлин прокурорлары болжамды қылмыстарды қасақана кісі өлтіру ісі ретінде қарастыруда.

Оқиғалардың бірінде 87 жастағы кейуана жансақтау бөліміне түсті, дегенмен ауруханада қайтыс болды.

Бұған дейін Өзбекстандық бойжеткеннің "екінші әйел" болуды ұсынған сүйіктісіне пышақ ала жүгіргені хабарланған болатын.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті