Сирия әскері көтерілісшілердің Алеппоға баса-көктеп кіргенін мойындады

Сурет: pixabay
Көтерілісшілер Алеппоның көптеген аймағына еніп, Сирия қарулы күштері позицияларына соққы беруді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сирия Араб Республикасы Қарулы күштері қолбасшылығына сілтеме жасай отырып, РИА Новости көтерлісшілер Алеппоның көптеген ауданына баса-көктеп кіргенін хабарлайды.

Сонымен қатар, Сирия армиясы Қарулы Күштер содырлардың барлық бағыты бойынша соққы беруді жалғастыруда.

2024 жылдың 30 қарашасында таңертең Al Mayadeen хабарлағандай, көтерілісші қол Алеппоның батыс бөлігінің 40%-дан астамын жаулап алған.

Сондай-ақ, Reuters агенттігі келтірген ақпаратқа сәйкес, Сирия билігі бұрын Алеппо әуежайын және қалаға апаратын барлық жолды жауып тастағаны белгілі. Бұл шара Сирия президенті Башар Асадқа қарсы көтерілісшілердің Алеппо орталығына бет алғандары туралы мәлімдемесінен соң қолға алынған. Агенттік дереккөзінің айтуынша, әскер көтерлісшілер енген аймақтардан "қауіпсіз шегініс жасау" туралы бұйрық алған.

2024 жылдың 29 қарашасында Газа секторының солтүстігінде орналасқан Бейт-Лахия елдімекеніне Израиль Күштерінің жасаған бірнеше шабуылы кезінде 70-ге жуық палестиналықтың қаза тапқаны белгілі болды.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі