Балиде алып ағаш құлап, туристерді басып қалды

Сурет: pixabay
10 желтоқсанда Убуд қаласының қорығында алып ағаш құлап, екі әйелді жан тәсілім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан туристердің құлап келе жатқан ағаштан қашып жатқанын көруге болады. Биліктің мәліметінше, алып ағаш қатты соққан желдің екпіні мен нөсер жаңбырдан құлады.

Daily Mail дерегінше, қаза тапқандар франциялық 32 жастағы турист пен Оңтүстік Кореяның 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Тағы бірнеше адам жарақат алды, дегенмен зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Туристер қорық аумағынан эвакуацияланды, енді ол жер кемі 12 желтоқсанға дейін жабық болады. Monkey Forest бас менеджері Вайан Лилир құлаған ағаштың сау екенін айтты. Оның айтуынша, мекемеде үнемі өсімдіктерге мониторинг жүргізіледі.

Бұған дейін Кенияда заңсыз алтын іздеген бес кеншінің оқыстан қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды