Ашық иық үшін түрме мен өлім жазасы: Иранда әйелдерге арналған жаңа заң жобасы дайындалды

Сурет: unsplash
2024 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Иранда моральдың жаңа заң нормалары күшіне енеді. Оны бұзғаны үшін әйелдерге үлкен айыппұл салынады, бес жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және өлім жазасы тағайындалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian мәліметінше, жаңа заңның шарттары бойынша "хиджаб мәдениеті" нормаларын бұзу болып саналады:

Жаңа заңның 37-бабы бойынша, шетелдік делегациялар мен БАҚ алдында әдепсіз түрде пайда болған әйел 10 жылға дейін сотталып, 12,5 мың фунт айыппұл арқалайды. Бұл шамамен 8 млн теңге.

"Рецидивистер үшін жазалар қатаңдатылады", – делінген басылымда.

Amnesty International халықаралық ұйымы заңның бұл ережесі шын мәнінде Ираннан тыс халықаралық БАҚ-қа өздері туралы бейнелер жіберетін әйелдер мен қыздардың сотталуы, соның ішінде өлім жазасына кесілуін көздеуі мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Иран өз дипломаттары мен әскерилерін Сириядан эвакуациялай бастағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі