Фиджидегі бес жұлдызды қонақүйде жеті турист ішімдіктен уланды

Сурет: pixabay
Вити-Леву аралындағы (Фиджи) бес жұлдызды курортта туристер алкоголь тұтынып, уланып қалған. Полиция токсикологиялық сынақтар жүргізіп, бүгінде нәтижесін күтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News мәліметінше, 14 желтоқсанда Фиджи Үкіметі алкогольді ішімдік ішкеннен кейін өзін нашар сезінген туристер арасында австралиялықтар мен бір американдық бар деп мәлімдеді.

Фиджи Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Джемеса Тудравудың айтуынша, топқа уақтылы медициналық көмек көрсетілді.

Курорттың клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері Мерейси Макуту мемлекеттік телеарнаға компания бұл оқиғаны зерттеп жатқанын айтты.

"Біздің қазіргі кездегі басты міндетіміз – ауруханада жатқан қонақтарға қамқорлық жасау", – деді ол Фиджи хабар тарату корпорациясына.

Бұған дейін АҚШ-тағы ЖОО-лар демалысқа кеткен шетелдік студенттерді кері шақырып жатқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесі ауруханаға жеткізілді

"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Тоқаев Жазушылар одағының жаңа төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады

Шымкентте қызғаныштан әйелін буындырып өлтірген ер адам сотталды