Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы кітап жарық көрді

Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы кітап жарық көрді. Авторлары - Алматыдағы Корея Республикасының бұрынғы бас консулы Сон Чи Гын мен Орталық Азияны зерттеуші, дипломат Чо Ын Джон, деп хабарлайды Zakon.kz.

24kz ақпараты бойынша, "Бауырлас ел – Қазақстан" атты шығарма жеті тараудан тұрады. Онда кітап еліміздің туристік көрікті жерлерін сипаттайды. Авторлардың айтуынша, олар онымен 10 жыл жұмыс істеген.

Мен Корея мен Қазақстанды бауырлас ел деп санаймын. Осы себепті тарихи байланыстарымызды негізге ала отырып, болашағымызды бірге құруға күш салуымыз керек деп ойлаймын. Кітапты жазуыма осы түрткі болды. Басты мақсатым – Қазақстанның жеті кереметін көрсеткім келді",- деді кітаптың авторы Сон Чи Гын.

Кітапта екі мемлекеттің ортақ тарихы негізге алына отырып, ұқсастықтары сипатталған. Сондай-ақ, еліміздің астанасы, Байқоңыр ғарыш айлағы және корейлер өмір сүрген Үштөбе туралы кеңірек мағлұмат берілген.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның басқарушы партиясының төрағасы қызметінен кеткендігі хабарланған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты