Түркияда дәрігерлер мінген тікұшақ аурухана ғимаратына соғылып, апатқа ұшырады

Сурет: X/HaberGlobal
Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің тікұшағы елдің оңтүстігіндегі Мугла провинциясындағы аурухана ғимаратына соғылды. Салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, тікұшақ аурухананың жоғарғы қабатына соғылып, содан кейін аулаға құлаған. Соққыдан тікұшақ бөлшектеліп қалған. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты: ұшқыш және үш медицина қызметкері. Бұл ақпаратты Мугла провинциясының губернаторы Ыдырыс Ақбиік растады.

 "Қайғылы оқиға таңертең тікұшақтың биікке көтерілу кезінде болды, ол аурухананың төртінші қабатына соғылды. Ондағылардың барлығы қаза тапты", - деді губернатор Haberturk эфирінде.

Оның айтуынша, билік апатқа қолайсыз ауа райы (тұманды) себебін де қарастырудан. Тікұшақ Антальяға бет алмақ болған.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін