Албания TikTok-қа бір жылға тыйым салады

Фото: unsplash
Албания үкіметі бір жылға TikTok-қа кіруге тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұған түрткі болған, елдегі 14 жасар баланың өлімі. Көпшіліктің арасында әлеуметтік желінің балаларға тигізер зияны қызу талқылануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News  дерегінше, Премьер-Министр Эди Рама бұл тыйым келесі жылдың басында күшіне енетінін айтты. Сондай-ақ, ол қосымшаны әсіресе жастар арасында зорлық-зомбылық пен қорлауды насихаттайды деп айыптады. 

Баланы өткен айда сыныптасы пышақтап өлтірген. Оқиға олардың арасындағы әлеуметтік желілердегі жанжалдан кейін орын алды деп хабарланды.

Қытайлық TikTok компаниясы олардың ешқайсысының платформада парақшалары бар екендігі туралы ешқандай дәлел таппағанын және Албания үкіметінен пышақ шабуылына қатысты "шұғыл анықтықты" талап еткенін айтты.

Бұған дейін Колумбия депутатының Денсаулық сақтау реформасын талқылау кезінде вейп шегіп, көзге түскені хабарланған болатын. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі