Әкім марапаты: Түркияда ер адам қолдан сатып алған шкафтан 12 алтын шақа тауып алды

Сурет: pixabay
Түркияда ер адам қолдан сатып алынған ас үй шкафынан бұрынғы иесі жасырған 12 алтын монетаны тауып алып, оны иесіне қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 27 желтоқсанда Х әлеуметтік желісінде Нұрдағы қаласының билігі жазды.

"Нұрдағыда тұратын ағаш ұстасы Қадыр Терликли жиһаз сатып алып, оның ішінен 12 алтын шақа тауып алды. Ер адам бірден олжаның иесін іздеп, оны кері қайтарды", делінген хабарламада.

Нұрдағының мэрі Терликлиге оның әрекеті үшін алғыс хат табыс етті. Ішінде алтын шақалары болған шкафтың бұрынғы иесінің үйі 2023 жылдың ақпанында болған жер сілкінісі кезінде көп зақымданып, сүрілуге жатқызылған. Үйі сүрілетін болған соң ол шкафын сатқан. Ол алтын шақаларды шкафқа тыққанын ұмытып кеткенін айтқан.  

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі