Ауғанстанмен арадағы шекарада Пәкістанның 19 әскери қызметкері опат болды

Сурет: Zakon.kz
Пәкістан армиясының 19 әскери қызметкері шекарада Ауғанстан сарбаздарымен болған екіжақты қақтығыс кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синьхуа агенттігі Ауғанстанның уақытша үкіметінің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, қарулы қақтығыстар ауғанның Хост және Пактия сынды шығыс провинциясымен шектесетін Пәкістанның шекарасындағы бақылау бекеттерінде болғанын хабарлайды.

"Ауған шекарашылары Пәкістанның екі бақылау бекетін басып алып, басқаларын өртеп жіберді. Пәкістанның әскери қызметшілері ауған шекарашыларының бекіністеріне минометпен оқ жаудырды. Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, нәтижесінде ауғанның үш бейбіт тұрғыны қаза тапты", делінген хабарламада.

Шекарадағы қарулы ұрыс Пәкістан әскери-әуе күштерінің Ауғанстандағы лаңкестердің паналауы ықтимал орындарды бомбалауы кезінде болды. Кабулдың айтуынша, әуе шабуылдарынан 51 тұрғын, соның ішінде әйелдер мен балалар опат болды.

Бұған дейін Пәкістанда интернеттегі бұғатталған контенттерге қол жеткізу үшін виртуалды жеке желілерді (VPN) пайдалану күнә деп танылған болатын. Мұндай әрекеттер шариғатқа қайшы келеді деп саналады.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда криптовалютаны сатып алу және сату ережелері қашан реттеледі

Еститін мемлекет: министрлердің халықпен кездесуі қалай өтеді

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан тарихында бірінші рет қайғылы оқиғаға түрткі тайғақ жол үшін құзырлы мекеме басшысы жазаланды

"Күн 41 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды