Эстонияның бұрынғы президенті дүние салды

Сурет: wikipedia.org
96 жастағы Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2001 жылдан 2006 жылға дейін ел басқарды. 96 жастағы саясаткер 31 желтоқсанда кешке дүние салды. Қаралы хабармен Эстония президентінің кеңсесі бөлісті.

"Эстония президенті Алар Карис еліміздің бірінші ханымы Сирье Кариспен және президент кеңсесімен бірге Арнольд Рюйтельдің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыра отырып, көңіл айтады", делінген хабарламада.

Президент Рюйтельдің құрметіне мемлекеттік жерлеу рәсімі ұйымдастырылатыны да нақтыланады.

Айта кетсек, Арнольд Рюйтель 1928 жылы 10 мамырда дүниеге келген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды