Әзірбайжан билігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Сурет: mchs.gov.ru
Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс министрі Кямаладдин Гейдаров қазақстандық құтқарушыларды марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров Баку-Грозный рейсін орындаған "Әзірбайжан авиакомпаниясының" Ақтау халықаралық әуежайының маңындағы 2024 жылғы 25 желтоқсандағы апатынан кейін құтқару операциясына қатысқан Қазақстан ТЖМ қызметкерлерінің тобын марапаттады.

Бұл туралы Әзірбайжан ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.

Министр төменде аталған Қазақстан ТЖМ азаматтарына  "жұртшылық үшін" төсбелгісін табыстады:

2024 жылғы 28 желтоқсанда Тоқаев Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. 

Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады