Илон Маск ағылшын премьер-лигасындағы құрамаға иелік етуі мүмкін

Сурет: Instagram/liverpoolfc
Атақты кәсіпкер Илон Маск "Ливерпуль" ағылшын футбол клубын сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы миллиардердің әкесі Эррол Маск мәлімдеді.

"Иә, ол шынымен де "Ливерпульді" сатып алғысы келеді, бірақ бұл оның нақты сатып алатындығын білдірмейді. Оның әжесі Ливерпульдің тумасы, сондықтан біздің онда көптеген туыстарымыз бар және біз "Битлздің" бірқатар адамдарымен танысу бақытына ие болдық, өйткені олар менің отбасымның кейбір мүшелерімен бірге өсті", – деп келтірді Times Radio Эррол Масктың сөздерін. 

Қазір Илон Масктың байлығы 425,2 миллиард долларға бағаланады.

"Ливерпульдің" жетістіктеріне келетін болсақ, құрама 19 матчта 46 ұпай жинап, ағылшын премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Бұған дейін Анастасия Городконың фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медальға ие болғаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды