Зейнеткер түрмеде тегін тұру үшін қылмыс жасаған

Фото: Zakon.kz
81 жастағы жалғызбасты жапондық зейнеткер түрмеде тегін отыру үшін қылмыс жасады. Қараусыз қалған кейуана ұрлық жасап, екі рет темір торға қамалған. Қазір ол Жапонияның Тотиги өңіріндегі әйелдер түрмесінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV мәліметтері бойынша, бұл түрмеде 500-ге жуық тұтқын бар, олардың көпшілігі қарт адамдар.

Акие есімді кейуана 60 жылдық жазасын өтегеннен кейін түрмеден шыққан. Сол кезде ол бірнеше рет тамақ ұрлаған. Зейнетақысына күн көру қиынға соққанда, ол бұл қылмысын қайталап отырған. 

"Мен болар-болмас дүние деп, дүкеннен ұрлық жасап, қате шешім қабылдаппын. Егер мен қаржылық тұрғыдан тұрақты болсам және жайлы өмір сүрсем, мұндай әрекетке бармас едім",- деді Акие қылмысын есіне алып. 

Түрмеге қамалғанға дейін Акие анасын үйден қуып шыққан 43 жастағы ұлымен бірге тұрды.

Түрме қызметкері қарт тұтқындар үшін түрмеде болу бостандықта жалғыз өлгеннен гөрі жақсырақ екенін атап өтті.

Үкіметтің мәліметінше, Жапонияда 65 жастан асқан адамдардың саны 2024 жылы рекордтық көрсеткішке -  36,25 миллионға жетті.

Бұған дейін Илон Масктың АҚШ-тың халықаралық даму агенттігін "қылмыстық ұйым" деп атағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Алматыдағы шыңдардың біріне апарар жолда жасөспірім тау ауруына шалдықты - ТЖМ дер кезінде көмекке келді