Әйел 12, 10 және жеті жастағы балаларын білектерін кесіп өлтірген. Айвала кварталындағы қайғылы оқиға орнына дереу полиция мен жедел жәрдем бригадалары келді.
Өкінішке орай, жеті және он жасар балаларды құтқару мүмкін болмады. Олар дәрігерлер келгенге дейін алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 12 жасар бала ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.
Әйел қамауға алынды. Істің өзге де мән-жайлары анықталуда.
Бұған дейін Америкада қызын бір тәуліктен астам уақыт бойы байлап қойған ерлі-зайыптылардың сотталғаны хабарланған болатын.