Германия халқы ереуілдеп жатыр, ұшақтар ұшпай қалды

Сурет: unsplash
Оқиға жексенбіде Гамбург әуежайынан басталды, содан кейін мұндай наразылық акциялары Германияның ірі әуежайларында орын алып, ол жалпыұлттық сипатқа ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

BCC мәліметінше, Франкфурт, сондай-ақ Берлин, Бремен, Кельн, Дортмунд, Дюссельдорф, Гамбург, Ганновер, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарттағы әуежайлар кең көлемді ереуілге тап болып, мыңдаған рейстер тоқтатылды. 

Гамбург әуежайында дүйсенбіге жоспарланған 143 рейс түгелдей орындалмады. Мюнхен әуежайы "ұшы кестесінде айтарлықтай қысқарту болғанын" ескертті, нақтырақ айтқанда, бүгінге жоспарланған 820 рейстің басым бөлігі тоқтатылды.

Франкфуртта  орналасқан негізгі әуе хабы - Lufthansa әуе компаниясы өзінің барлық бағыттарында "кідірістер мен ауқымды кешігулер" болғанын растады. Бүгінге жоспарланған 1770 рейстің көбісі тоқтатылды.

Франкфурт, Мюнхен, Берлин және басқа да ірі қалаларда жолаушыларға әуежайларға барудан бас тартуға кеңес берілді.

Германияның мемлекеттік секторы мен көлік қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін Verdi кәсіподағы әуежай қызметкерлерінің жалақысын 8%-ға (айына кемінде 350 евроға) көтеруді, сондай-ақ сыйақылардың мөлшерін ұлғайтуды және қосымша демалыс күндер қарастыруды талап етті.  Әзірге, жұмыс берушілер бұл талаптарды қабылдамады.

Бұған дейін  Ұлыбритания маңында танкер мен жүк кемесі соқтығысып, алапат өрт болғанын, 30-дан аса адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді