Кореяда қазақстандықтар жол апатына түсіп, қаза тапты

Сурет: pixabay
27 наурызда Кенгидегі жантүршігерлік жол апатынан төрт қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Korea joong and daily жазуынша, марқұмдардың жеке басы анықталмаған. Басылым оқиға орнынан фотосурет жариялады: онда полиция Кенгидегі Сохан тас жолында апатқа ұшырап, артынша өртеніп кеткен көліктің сынықтарын тексеруде.

Сурет: koreajoongangdaily

Белгілі болғандай, ішінде төрт отандасымыз болған Mercedes-Benz көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Көлік жолдың оң жағындағы қоршауға соғылып, бірнеше метрге ұшып, соққыдан кейін өртенген.

Өрт сөндірушілер апат туралы хабарды алғаннан кейін бірден оқиға орнына жерге жіберілді. 30 минут ішінде жалын сөндіріліп, өртенген қалдықтардың арасынан төрт адамның денесі табылды.

Бұған дейін Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды