БАӘ оқушылары жасанды интеллектті пән ретінде оқи бастайды

Сурет: pixabay
Жаңа оқу жылынан бастап БАӘ мектептерінде оқушылар жасанды интеллектті пән ретінде оқи бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл пән балабақшадан бастап 12-сыныпқа дейінгі барлық мемлекеттік білім беру сатыларында қолжетімді болады, деп жазады Khaleej Times. БАӘ шейхы және премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум бұл шешім елдің болашақ ұрпақты мүлде жаңа, өзге әлемге дайындау жөніндегі ұзақмерзімді жоспарының бір бөлігі екенін атап өтті.

"Біздің міндетіміз – балаларымызды біздің уақытымызға ұқсамайтын, шарттары басқа, жаңа дағдылар мен мүмкіндіктерді талап ететін кезеңге дайындау. Бұл – еліміздің даму мен ілгерілеуін алдағы ондаған жылдарға қамтамасыз ететін мүмкіндік", – деп қосты ол.

Білім министрі Сара бинт Юсеф аль Амири оқу бағдарламасы жасанды интеллекттің негізгі тұжырымдамаларын қамтитынын атап өтті:

Ол үшін Министрлік мұғалімдерге әр түрлі оқу жағдайларына бейімделген іс-шаралар мен сабақ жоспарларын қоса алғанда, жан-жақты ресурстар ұсынады.

Бұған дейін Испанияда төрт жыл бойы балаларын қамап ұстаған отбасы анықталғандығы жайлы жазған болатынбыз. 

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды