Гренландияның мұз қабаттарында мыңдаған жыл бұрын қатып қалған вирустар "еруде"

Сурет: pexels
Даниялық Орхус университетінің ғалымдары Гренландияның мұз қабаттарынан бұрын-соңды тіркелмеген алып вирустарды тапты. Олар 48 500 жыл бұрын мұзда қатып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу нәтижелері Microbiome ғылыми журналында жарияланды.

Бұл вирустар мұздың беткі қабаттарында, атап айтқанда, қара мұзда, қызыл қарда және криоконитте (органикалық-минералды шөгінділер) анықталды.

Мамандардың ерекше назарын Pandoravirus yedoma вирусы аударды, ол ерігеннен кейін амебаларды жұқтыру қабілетін сақтап қалған. Оның ұзындығы шамамен 1 микрометрге жетеді, ал геномында 2,5 миллионнан астам нуклеотид бар.

Ғаламдық жылыну нәтижесінде мұздықтар мен мәңгі тоңның жедел еруі басқа микроорганизмдердің босап шығуына әкелуі мүмкін. Мұндай патогендерге қарсы иммунитеттің болмауы жаңа инфекциялық қауіптердің пайда болу қаупін тудырады.

Бұған дейін Ердоғанның Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін айтқандығы жайлы жазған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды