Францияда ер адам мешіттен Құранды ұрлап, ғимараттың табалдырығында өртеп жіберді

Сурет: pixabay
Белгісіз ер адам Францияның Виллербан қаласындағы "Эррама" мешітінен Құран кітабын ұрлап, оны ғимараттың шыға берісінде өртеп жібергенін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рона департаменті мешіттер кеңесінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 маусымға қараған түні орын алған.

"Шамамен сағат 3:45-те (Астана уақытымен 6:45), таң намазға азан шақырылуына 20 минут қалғанда, бет-жүзін жасырған адам намаз оқитын залға кірген. Ол Құран кітабының бір данасын алып, оны өртеп, ғимараттың кіреберісіне тастап, қашып кеткен", – делінген ақпаратта.

Аталған ұйым бұл оқиғаны "жеккөрушіліктен туған шабуылдардың бірі" деп бағалап, Францияда мұсылмандарға деген теріс көзқарастың қалыптасып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Бұған дейін Балиге есірткі алып өтпек болған үш саяхатшының өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді