Меган Маркл перзентханадағы қолдан жасалған іш жайлы қауесетке жауап берді

Сурет: Instagram/meghan
43 жастағы Сассекс герцогинясы Меган Маркл перзентханада түсірілген бейнежазбаға қатысты қолдан жасалған іш жайлы тараған қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

People журналының жазуынша, жақында герцогиня жариялаған перзентханадағы бейнежазба осындай әңгімелерге түрткі болған. Маркл бұл бейнематериалды әлеуметтік желіде өзінің "шынайы болмысын көрсету" үшін бөліскенін айтты. Алайда ол бұл видеоны бірнеше жыл бұрын түсіргенін, оның салудағы мақсаты — жұрт оның өмірінің шынайы жағын әрдайым көре бермейтінін еске салу екенін атап өтті.

"Бұл оқиға төрт жыл бұрын болды. Адамдар әңгіме қылатын жасанды дыбыстар мен ойдан шығарылған оқиғалардың арасында шынайы, нағыз әрі көңілді өмір бар, ол бәрі көре бермейтін сахна сыртында өтіп жатыр", – деді Маркл қауесеттерге жауап ретінде.

Айта кетейік, бір күн бұрын герцогиня ханзада Гарриді Әкелер күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде әсерлі бейне жариялады.

Бұған дейін Лувр қызметкерлерінің жиналыс кезінде ереуілге шыққандығы хабарланған болатын.

Ұлыбритания
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады