Лувр қызметкерлері жиналыс кезінде ереуілге шықты

Лувр қызметкерлері жиналыс кезінде ереуілге шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 10:29 Сурет: pixabay
16 маусым күні әлемге әйгілі мұражай қызметкерлері жиналыс барысында күтпеген жерден ереуілге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Associated Press агенттігінің жазуынша, галеристер, күзетшілер мен билет сатушылар өз орындарын тастап кеткен. Осылайша, қолдарында билеттері бар мыңдаған турист кіре алмай, далада қалған.

Наразылық таңғы жиналыс кезінде басталып, жұмыс жағдайларын талқылау бір сәтте ұжымдық "жетер енді" ұранына айналды. Бұған себеп — овертуризм мен мұражайдың "тым толып кетуі". Қызметкерлер келушілер легін игере алмай жатыр.

Бұл ретте, қызметкерлер бұрыннан қонақтар санының көптігіне шағымданып келеді. Жуырда Франция президенті Эммануэль Макрон Луврды 2031 жылға дейін қайта жаңғырту жоспарын ұсынған болатын, алайда бұл жаңалық тек наразылықты күшейтті.

Өйткені билік қазіргі нақты проблемаларды – кадр тапшылығы, ескірген ғимараттар мен залдардың шамадан тыс жүктелуін – шешудің орнына, келушілер санын арттыру мен сыртқы көрініске мән беріп отыр: жаңа кіреберіс, "Мона Лизаға" арналған жеке зал, жылына 12 миллион туристі қабылдау жоспары бар.

"Біз алты жыл күте алмаймыз. Бұл тек өнер туралы емес – оны қорғайтын адамдар жайлы", – деп түсіндірді кәсіподақ өкілі Сара Сефьян.

Бұған дейін Әлемдік БАҚ-тың Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежадтың қаза тапқаны туралы жазуда екені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: