Ауған әйелдеріне Өзбекстандағы сауда орталығына баруға тыйым салынды

Сурет: amu.tv
"Талибан" қозғалысы әйелдерге Өзбекстандағы "Термез" халықаралық сауда орталығына баруға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған сауда орталығы Ауғанстанмен шекарада орналасқан, ал тыйым 40 жасқа толмаған әйелдерге қатысты. Бұл туралы Amu.tv жергілікті тұрғындар мен дүкен иелеріне сілтеме жасап хабарлады. Саудагерлердің айтуынша, нарықтағы негізгі сатып алушылар – отбасылы әйелдер болған, ал тыйым салынғаннан кейін олардың саудасы күрт төмендеген.

Өзбекстан мен Ауғанстан шекарасындағы "Термез" халықаралық сауда орталығы 2022 жылы ашылған. Орталықта төрт мың дүкен бар, сонымен қатар медициналық орталық, мейрамханалар, өндірістік және логистикалық аймақтар орналасқан.

Ауғанстан азаматтарына бұл орталыққа визасыз кіруге және онда 15 күнге дейін болуға рұқсат етілген. Бұл – ауған азаматтары қажетті тауарларды ала алатын санаулы орындардың бірі.

2021 жылдың тамызында билікке келгеннен кейін талибтер әйелдердің құқықтарын шектей бастады. Оларға білім алуға, көптеген салаларда жұмыс істеуге, ер адамның ертуінсіз қоғамдық орындарға баруға, көпшілік алдында ән айтуға тыйым салынды. Ал, тіпті 2024 жылдың соңында Ауғанстанда тұрған немесе отырған әйелдер көрінетін үйлерге терезе салуға тыйым салынды.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі