Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы болды

Сурет: Telegram/Шерзод Асадов
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева Мемлекет басшысының әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

"Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саида Шавкатовна Мирзиёева Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл лауазым 2023 жылдың тамызында жойылған болатын. Сол кезде Мирзиёева мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған. Алайда оның бұл тағайындауына дейін президент бұл қызметті қайта қалпына келтірген.

Саида Мирзиёева – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы, 2019 жылдан бері саясатпен айналысып келеді. Әр жылдары ол президенттің көмекшісі, сондай-ақ Президент әкімшілігінің атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат жөніндегі секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Бұл сектор бұрын әкімшілік басшысының орынбасары Комил Алламжановтың құрылымына кірген, ол қоғамдық пікірді зерттеу және ақпараттық саясат үшін жауап берген.

Мирзиёева Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетін бітірген, Ташкент мемлекеттік заң университеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.

Өзбекстан
Мирзиёев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты