Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты үш ел әуе кеңістігін жапты

Сурет: pixabay
Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Бахрейн Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты әуе кеңістігін жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Flightradar24 қызметінің мәліметінше, БАӘ үстінен ұшуға тыйым салынған.

"Ұшу траекториялары мен диспетчерлік қызметтің аудиожазбаларына сүйенсек, қазіргі уақытта БАӘ-нің әуе кеңістігі жабық", – делінген X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) қызмет парақшасында.

Сондай-ақ BNA агенттігінің хабарлауынша, Бахрейн билігі де әуе кеңістігін уақытша жапқанын мәлімдеді.

"Көлік және байланыс министрлігіне қарасты Азаматтық авиация басқармасы өңірдегі шиеленістің ушығуына байланысты Бахрейн Корольдігінің әуе кеңістігінде қозғалысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", – деп жазады агенттік.

Бұдан бөлек, Ирак та әуе кеңістігін жабатыны белгілі болды.

Авиация сарапшысы Алекс Мачерас X әлеуметтік желісінде бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Таяу Шығыстың әуе кеңістігі – әсіресе Иран мен Ирактың үстіндегі – әлемдегі ең маңызды әуе дәліздерінің бірі. Бұл – Еуропа мен Азияны тікелей байланыстыратын көпір. Ол жабылғанда, бүкіл әлемде кері әсері сезіледі", – деп жазды Мачерас.

Оның айтуынша, рейстер оңтүстікке қарай бағыт өзгертуде. Маршруттар ұзаруда. Жанармай шығыны артуда.

"Экипаж құрамдарының жұмыс уақыты ұзарады. Ұзақ қашықтыққа ұшатын тасымалдаушылар, әсіресе өте алыс бағыттарда жұмыс істейтіндер, бұл жағдайдың операциялық және қаржылық салдарын бірден сезінеді", – деді сарапшы.

Бұған дейін Катардың әуе кеңістігін ашқандығы хабарланған болатын.

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды