Жапон теңізінде туристер мінген катамаран өртенді: куәгерлер желіге оқиғаның бейнесін жүктеуде

Сурет: Telegram/ENews112
Куәгерлер Жапон теңізінде туристер мінген "Мерлион" катамаранының өртенген сәтін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға бүгін, 2025 жылдың 29 маусымында, Петр Великий шығанағының акваториясында орын алған. Өрт шыққан кезде бортта 12 адам болған. Жанынан өтіп бара жатқан кемелер туристерді құтқарып қалды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ туристердің айтуынша, олар кез келген сәтте жарылыс болады деп ойлаған.

Ресейдің Көлік бойынша Шығыс өңіраралық тергеу басқармасының мәліметінше, оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған.

"Келтірілген залал көлемі бір миллион рубльден асты. Қылмыстық іс РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы бойынша – "Су көлігінде қозғалыс пен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" дерегімен тергеліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себебін анықтап жатыр.

"Мерлион" – ұзындығы 12 метр болатын шағын серуендік катамаран. Орташа жылдамдығы – сағатына шамамен 20 шақырым. Кеме демалыс пен қысқа туристік серуендерге арналған болған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады