АҚШ-та жасөспірімді зорлаған ер адам кінәсін мойындады

Фото: pexels
Рочестер қаласының тұрғыны Джонатан Вуди 13 жастағы жасөспірімді зорлағанын мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елдің Әділет министрлігінің баспасөз қызметі 2025 жылғы 30 маусымда мәлімдеді.

Айыптау үкімі бойынша ол 10 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сондай-ақ 250 мың долларға дейін айыппұл салынуы ықтимал.

Прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарында Вуди әлеуметтік желі арқылы жасөспірімге хат жазып, кейін оны қонақүйге келуге көндірген. Ол жерде оған алкоголь мен марихуана ұсынып, заңсыз әрекеттер жасаған.

Анасы ұлының жоғалғанын байқап, дереу полиция шақырған. Алайда біраз уақыттан кейін жасөспірім үйіне оралып, басынан өткен жағдайды айтып берген. Тергеушілер қылмыскерді анықтап, тұтқындады.

Сот үкімі 2025 жылдың 30 қазанына белгіленді.

Бұған дейін Түркиядағы апапат өртке кінәлі адам анықталғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті