Түркиядағы апапат өртке кінәлі адам анықталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 09:03 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Түркиядағы апапат өртке кінәлі адам анықталды. Маниса аймағына қарасты Тұрғытлы ауылының 31 жастағы тұрғыны кене өлтіремін деп орманды өртеп жіберді.

Ауыл сыртындағы үйінде жастық үстінен кене көрген азамат оны өртеп, бақшасына лақтырып жіберген.

Қатты желдің кесірінен от жақын жердегі орманға тиіп, соның кесірінен 5 гектардан аса жер күлге айналды. Мемлекет мүлкіне зарар берген тұрғын қамауға алынды.

Апта басынан бері Түркияның бірнеше аймағында қатар шыққан орман өртіне кінәлі деп танылған 17 адам қамалды, деп жазады qazaqstan.tv.

Олардың кейбірі қасақана, ал кейбірі абайсызда орман өртіне себепкер болған.

Ал 5 күннен бері Түркияның Измир, Хатай, Маниса және Спарта өңірлерінде жанып жатқан орман және дала өрті бүгін бақылауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: