Данияда енді әйелдер де міндетті әскери қызметке шақырылады

Сурет: pixabay
2 шілдеде Дания армияға қабылдауды кеңейтіп, әйелдерді де қосатынын мәлімдеді. Бұл скандинавиялық ел Еуропа бойынша қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтар артып жатқан тұста, әскер санын көбейтіп, қорғанысын нығайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN дерегінше, 2023 жылдың маусымында Дания Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 18 жасқа толатын әйелдер әскери қызметке шақырылу мүмкіндігіне байланысты тіркеуден өтуі тиіс.

Бұған дейін әйелдерге армияға тек ерікті түрде ғана кіруге рұқсат етілген еді. Бұл ретте, 2024 жылғы армияның шамамен 24%-ын әйелдер құраған.

"Қазіргі әлемдегі жағдайды ескерсек, бізге көбірек сарбаздар қажет. Менің ойымша, әйелдер де ерлермен бірдей үлес қосуы керек", – деді Дания Корольдік гвардиясының жаңа сарбазы Катрине (тегі аталмаған).

Қазіргі уақытта Дания қарулы күштері казармалар мен жабдықтарды әйелдерге ыңғайлы ету үшін қайта жабдықтап жатыр.

Өткен аптада НАТО одақтастарымен бірге қорғаныс шығындарын арттыру туралы келісімге келген. Өз кезегінде, Дания 2026 жылға қарай әскери қызмет мерзімін 4 айдан 11 айға дейін ұлғайтуды және 2033 жылға қарай жыл сайын әскери қызмет атқаратын сарбаздар санын 5000-нан 7500-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, 2 шілдеде Қазақстанда ел аспанын күзететіндердің кәсіби мерекесі – Әскери-әуе күштері күні атап өтілді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті