Ресейде жасөспірім 12 жасар баланы атып тастады

Фото: pexels
Камчаткада (Ресей) жасөспірім пневматикалық мылтықпен 12 жасар баланы атқан. Бұл пневматикалық мылтықты абайсыз ұстаудың салдарынан орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Федерациясының аймақтық тергеу комитетінің Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиғаның себепкері 17 жастағы жасөспірім екен. Қайғылы жағдай Камчатка өлкесінің Елизовский ауданындағы Новый ауылындағы үй жанындағы гаражда болған.

Ведомствоның мәліметінше, оқ баланың оң иығына тиген. Бала хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша тергеу қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.

Бұған дейін Грекиядан келген 91 жастағы әженің ұлын зорлады деп айыптағаны хабарланған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді