Балалар алып питонмен қауіпті ойын ойнаған: ересектер оқиғаны видеоға түсірген

Балалар алып питонмен қауіпті ойын ойнаған: ересектер оқиғаны видеоға түсірген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 12:16 Сурет: видеодан алынған
Индонезияда бір топ бала алып питонды сырғанақ ретінде пайдаланып, оның денесінен сырғанап ойнаған. Ал ересектер бұл көріністі сырттай бақылап, видеоға түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Need To Know басылымының жазуынша, ерекше видео Ява жанартаулық аралында түсірілген. Кадрлардан балалардың алып жыланның денесімен сырғанап, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады. Ал айналасындағы ересектер еш қорқыныш танытпай, оқиғаны телефон камераларына түсірген.

Басылымның мәліметінше, видеода әлемдегі ең ұзын әрі салмағы жағынан үшінші орында тұрған торлы питон бейнеленген. Бұл жыландардың ұзындығы 6,5 метрге, ал салмағы шамамен 75 келіге дейін жетуі мүмкін.

Мұндай бауырымен жорғалаушылар Индонезияда кездеседі және кейде адамдарға шабуыл жасайды. Алайда бұл жолы алып жылан өзін сабырлы ұстаған. Бұған дейін елде алып питондардың жергілікті тұрғындарға шабуыл жасап, қайғылы жағдайларға әкелген оқиғалары тіркелген. Бұл жолы ешкім зардап шеккен жоқ.

"Балалар алып питонды өздерінің ойын алаңына айналдырған", – деп жазды материал авторлары.

Жергілікті тұрғындар үрейленбестен, балалардың қауіпті жыртқышпен көшенің ортасында ойнауына кедергі келтірмеген.

Бұған дейін Үндістанның Гуджарат штатындағы ферма аумағынан төрт көзі бар, екі басты ерекше қасқыр жылан табылып, құтқарылғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: