Семейде құрбысын сабаған бір топ қыз өз әрекеттерін видеоға түсірген

Полиция, Семей, қызды сабау, бір топ қыз, әлеуметтік желі, видео , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 19:08 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желіде қатарластарының бірін сабаған бір топ қыздың видеосы тарады. Видеода олар жапа шеккен қызды өздерін сырттай сөз қылғаны үшін жазалағандарын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі бұл видео полицейлер назарына да ілікті. Осылайша Семей қаласының полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды анықтады.

"Кәмелетке толмағандарды ата-аналарымен бірге орталық полиция бөліміне жеткізілді. Ересектердің қатысуымен олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Материалдар Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді". Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына тәрбие міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелгені де нақтыланады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: