Жерсерік Австралияда жауып тұрған сирек қарды түсірді

Сурет: NASA Earth Observatory
Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өткен демалыс күндері кең жазықта шамамен 40 сантиметр қар жауды – бұл 1980-жылдардың ортасынан бергі ең көп қар мөлшері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Австралиялық метеорология бюросының мәліметінше, қолайсыз ауа райына теңіз жағалауындағы төмен қысымды аймақ себеп болған. Ол ылғалды елдің ішкі аймақтарына қарай ығыстырған.

Таулы аймақтарда жауын-шашын қар түрінде түссе, ойпатты жерлерде тәулік ішінде 100 миллиметрден астам жаңбыр жауды.

Бұлттардың арасында ашық аспан болған сәттерде Landsat 8 жерсерігі қар жамылған аумақтың суреттерін түсіріп үлгерді.

Суреттерде Сиднейден шамамен 300 шақырым солтүстікте, Солтүстік үстірттің оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан Уолча қаласының маңы бейнеленген.

Уолча ауданы ондаған мың ірі қара мен жүздеген мың қой жайылатын жайылымдарымен танымал.

Бұған дейін біз соңғы 10 жылда алғаш рет қар басқан далаларды кенгурулердің мекен ете бастағаны туралы жазған едік.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті