Армения мен Әзербайжан жер дауынан ресми түрде бас тартатындарын растады

Сурет: mfa.gov.az
Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрліктері 8 тамызда Вашингтонда қол қойылған "Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы" келісімнің мәтіндерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат 17 тармақты қамтиды және президенттер қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

Жобаға сәйкес, тараптар егемендікті, аумақтық тұтастықты, халықаралық шекаралардың мызғымастығын және бір-бірінің саяси тәуелсіздігін мойындайды және құрметтейді. КСРО кезеңіндегі республикалардың шекаралары халықаралық шекаралармен анықталды.

Келісімде Әзербайжан мен Арменияның болашақта бір-біріне территорияға қатысты талаптары жоқ және оны мәселе ретінде көтермейтіндігі де бекітіліп, көрсетілген.

Елдер арасындағы бейбіт қатынастар туралы декларацияға Армения мен Әзербайжан басшылары 2025 жылдың 8 тамызында, жұмада Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен қол қойды. Бұған дейін Америка президенті екі мемлекеттің көпжылдық қақтығысына нүкте қоюы керектігін айтқан болатын.

10 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Ол Ильхам Әлиевті АҚШ президенті Дональд Трамптың белсенді және тиімді көмегімен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы тарихи декларацияға қол қоюымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

Армения
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін