Үлкен астероид 17 тамызда Жердің қасынан ұшып өтеді

Сурет: pixabay
2025 жылғы 17 тамызда ең қауіпті астероидтердің бірі Жер орбитасына өте жақын қашықтықта өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл аспан денесінің көлемі футбол алаңымен шамалас – шамамен 53 метр. Астана уақытымен сағат 14:03-те ол Жерге бір миллион шақырымдай жақындап, кейін алыстай бастайды.

Ғалымдардың айтуынша, жылдың ең ірі жақындасуларының бірі қыркүйектің екінші жартысында болады: сол кезде диаметрі шамамен 200 метр болатын 2025 FA22 астероиды Жерден осыған ұқсас қашықтықта өтеді.

Ал 2025 PM астероиды кейінгі жылдары Жерге бір миллион шақырымнан жақын келген ең ірі нысандардың бірі саналады. Ол 2025 жылғы 1 тамызда анықталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді