Дағыстанда 15 жастағы жасөспірім жәндік шағып алғаннан кейін іріңді инфекциядан көз жұмды

Фото: pexels
Дағыстанның Дербент қаласында қайғылы оқиға болды: 15 жастағы оқушы жәндік шағып алғаннан кейін қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Life дерегінше, Telegram-дағы "Дагестан сейчас" арнасында бала мәйітінің қасында жылап отырған ананың "Неге мені тастап кеттің" деп айқайлаған қорқынышты кадрлары жарияланды.

Арнаның мәліметінше, бастапқыда жасөспірімге травмпунктте қате диагноз қойылған – дәрігерлер сынық болуы мүмкін деп күдіктеніп, оны аудандық ауруханаға жіберген. Алайда БАҚ дерегінше, дәрігерлер ата-анасынан ем-шараға жатқызу үшін ақы талап еткен.

Қаржы болмағандықтан, бала ауруханаға жатқызылмаған. Оқиғадан жеті күн өткеннен кейін жасөспірімнің қанына инфекция түсіп, оны құтқарып қалу мүмкін болмаған.

"Дұрыс және дер кезінде диагноз қойылмағандықтан, жеті күннен соң жасөспірімнің қанына инфекция түсу басталған. Баланы Ставропольге емдеуге жіберіп, ота жасаған, іріңді алған, бірақ инфекция асқынып, жүрегі тоқтап қалған. Туыстары қылмыстық іс қозғауды талап етуде", – делінген ақпаратта.

Жасөспірімді шаққан жәндіктің түрін анықтау мүмкін болмаған. Туыстарының айтуынша, соңғы күндері ол қатты ауырсынған және өлімнің жақындағанын сезіп тұрғанын айтқан.

Бұған дейін АҚШ-та 20 жастағы америкалықтың мектепте атыс ұйымдастырып, 20 адамды жарақаттағанын жазғанбыз. Оның үшеуі қаза болған, толығырақ сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін