Трамп өз әлеуметтік желісінде жұмбақ жазба жариялады

Сурет: truthsocial/realDonaldTrump
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жұмбақ жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол X желісіндегі өзге қолданушының жазбасын бөлісіп, онда өзінің суреті мен "Әлем жақында түсінеді. Алда келе жатқанды ештеңе тоқтата алмайды" деген жазу бар.

Алайда Трамп жазбаның себебін ешқандай түсіндірмеді.

Суретте АҚШ президенті қолдарын жартылай бүгіп, алақандарын жоғары қаратып тұрған күйде бейнеленген. Оның артында Жер шары орналасқан.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде және БАҚ-та АҚШ президенті Дональд Трамптың өлімі туралы сыбыс тараған еді. Бұған АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің USA Today-ге берген сұхбатында күтпеген жерден "төтенше жағдайда мемлекет басшысының міндетін атқаруға дайынмын" деген сөзі себеп болған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды