Франциядағы толқу: Макрон үкімет басына Қарулы күштер министрін әкеліп қойды

Сурет: wikipedia/Себастьян Лекорню
Францияның жаңа премьер-министрі 39 жастағы Себастьян Лекорню Матиньон сарайындағы салтанатты рәсімде өз өкілеттігін қабыл алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Boursorama басылымының мәліметінше, бұрынғы Қарулы күштер министрінің жаңа қызметке келуі елде болып жатқан наразылықтар акциясына тұспа-тұс келді. Сондықтан оны салтанатты түрде таныстыру рәсімі ұзаққа созылмады, өте қысқа-нұсқа болды. Салтанатты рәсімнің негізгі уақыты – 45 минутты Лекорню алдындағы үкімет басшысы Франсуа Байрмен жабық есік жағдайында өткізді.

Бұған дейін премьер-министр Франсуа Байрға ұсынған үнемдеу шараларына байланысты Ұлттық ассамблеяда сенім вотумын білдірмегені хабарланған болатын. Ол ел президенті Эммануэль Макронға отставкаға кету туралы туралы өтініш ұсынды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы