Трамптың жақтасы Чарли Керкті өлтірді деген күдікке ілінген адамның аты-жөні белгілі болды

Сурет: wikipedia/Чарли Кирк
Америкалық консервативті белсенді Чарли Кёрктің өліміне күдікті ретінде Юта штатының 22 жастағы тұрғыны Тайлер Робинсон танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты New York Post басылымы құпия дереккөздерге сілтеме жасай отырып таратты.

"Бұл – Юта штатының 22 жастағы тұрғыны Тайлер Робинсон", – делінген ақпаратта.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, күдікті жақындарының бірі тарапынан құқық қорғау органдарына тапсырылған.


"Оны өте жақын адамы ұстап берген", – деді АҚШ президенті Fox & Friends бағдарламасында.

Трамптың айтуынша, күдіктінің әкесі бұл ақпаратты құқық қорғау органдарымен байланысы бар діни қызметкер арқылы жеткізген.

Чарки Кирк Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі ретінде танылған. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік