Тайванда турист қыз хомяктарды әжетханаға ағызып жібергені үшін түрмеге қамалып, ірі айыппұл төлеуі мүмкін

Сурет: pixabay
Тайландтан келген 27 жастағы Санни есімді азаматша 10 хомякты әжетханаға ағызып, бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Бейнежазба Тайваньның әлеуметтік желілерінде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Thaiger басылымының мәліметінше, Санниді жігіті тастап, пәтерінен кетуін сұраған. Алайда қыз көшуден бас тартқан. Келесі күні полиция оны екі жылға визасының мерзімін өткізіп жібергені және заңсыз жұмыс істегені үшін ұстаған. Белгілі болғандай, ол елге турист ретінде кірген.

Полиция бастапқыда тек көші-қон заңнамасын бұзғанына назар аударған. Бірақ бейнежазбалар әлеуметтік желілерге тарағаннан кейін, іске жануарларды қорғау ұйымдары араласты.

Саннидің айтуынша, ол "бұрынғы жігіті хомяктарды жыландарға жем қылады деп ойлап, сол үшін олардан құтылған". Алайда прокурорлар оның ешқандай өкініш білдірмегенін, тергеу барысында үнемі сылтауратқанын және мінез-құлқы дөрекі болғанын айтты.

Оның үстінен жануарларға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, Санни 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және 66 мың АҚШ долларына дейін (шамамен 35,6 млн теңге) айыппұл төлеуі мүмкін. Бұған қоса, зорлық көріністерін интернетке жариялағаны үшін қосымша жаза қарастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта сот үкімі әлі шыққан жоқ. Бірақ әлеуметтік желі қолданушылары оны қазірдің өзінде "Тайваньдағы ең жеккөрінішті әйел" деп атап кеткен.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі