Иран 10 жылдық ядролық келісімді ресми түрде тоқтатты

Сурет: freepik
Иран 2015 жылы әлемдік державалармен жасалған ядролық келісімді — Ортақ жан-жақты іс-қимыл жоспарын ресми түрде тоқтататынын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде:

"Келісімнің барлық тармақтары, оның ішінде ядролық бағдарламаны шектеу және оған қатысты бақылау механизмдері тоқтатылғаны туралы хабарлаймыз", — делінген.

Сонымен қатар Тегеран дипломатияға адал екенін атап өтті, деп жазады The Guardian.

Бұл келісімге 2015 жылы Иран, Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия қол қойған болатын. Мақсаты – Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу. Алайда 2018 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп елін бұл келісімнен шығарып, санкцияларды қайта енгізгеннен кейін келісім іс жүзінде өз күшін жойды.

Сол уақыттан бері келісімді қайта жандандыру әрекеттері нәтиже бермеді. 2025 жылдың жазында Иран, Израиль және АҚШ арасындағы шиеленіс күшейіп, келіссөздер жүргізу мүмкіндігін толықтай жойды. Ал маусым айында Иран парламенті МАГАТЭ-мен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) ынтымақтастықты тоқтату туралы заң қабылдады. Бұл Еуропаның қарсылығын туғызып, БҰҰ санкцияларын "жедел қайтару" тетігін іске қосуға себеп болды.

Бұған дейін Иран президенті АҚШ-тың санкцияларды кейінге қалдыру шарттарын "қабылдауға келмейтін" деп бағалаған еді.

Батыс елдері Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейтін жаңа келісім жолдарын қарастырып жатқандарын мәлімдеді. Ал Тегеран тарапынан келіссөздер тек АҚШ-тың әскери іс-қимылдан бас тартуы секілді нақты кепілдер болған жағдайда ғана мүмкін екенін алға тартты.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты