Ұлыбритания Германиямен ядролық қаруды бөлісу мүмкіндігін қарастыруда

Сурет: freepik
Еуропалық елдерде бірлескен ядролық тежеу саясатын қалыптастыру мәселесі бірнеше рет көтерілген. Бұл бастама Еуропада мұндай қару тек Ұлыбритания мен Францияда бар болуымен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Express басылымының мәліметінше, осы жағдай аясында Ұлыбританияда ядролық қаруды Германиямен бірге пайдалану туралы ұсыныс айтылды.

Ұлыбританияда Германиямен жаңа қорғаныс пактісін жасасу қажеттігі айтылуда. Бұл пакт бірлескен ядролық тежеуге бағытталмақ. Мұндай бастамамен 1999–2003 жылдары НАТО Бас хатшысы қызметін атқарған Джордж Робертсон шыққан.

Сондай-ақ Ұлыбритания Қорғаныс штабының бұрынғы басшысы (2013–2016 жж.) фельдмаршал Джон Хоутон да еуропалық елдерді АҚШ тарапынан әскери көмектің азаюы мүмкін деген алаңдаушылық аясында тәуелсіз ядролық тежеу жүйесін қарастыруға шақырды.

"Француз нұсқасынан бөлек, еуропалық үлгідегі балама шешім болуы керек. Бірақ бұл дұрыс қадам ба, әлде ессіздік пе? Менің өзім әлі нақты шешімге келген жоқпын", – деді Хоутон.

Бұған дейін Германия Қытайға Еуропаға қытайлық микрочиптер жеткізуге тыйым салуға байланысты дипломатиялық нота жолдаған болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді