Қытайда жақын қалған жойқын тайфунға байланысты қауіптің сары деңгейі енгізілді

Сурет: pixabay
"Калмаэги" тайфуны Тайвань, Наньша, Хуанъян, Сиша және Хайнань аралдарына қарай жақындап келеді. Аймақтарда екпінді жел мен нөсер жаңбыр күтілуде. Осыған байланысты Қытай билігі халықты сақтық шараларын күшейтуге шақырып, қауіптің сары деңгейін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CCTV телеарнасының мәліметінше, табиғи апаттың негізгі себебі — былтырдан бері белсенділігі артқан Канлаон вулканының атқылауы. Оның салдарынан жиналған вулкандық материал нөсер кезінде таудан төмен қарай ағып, етектегі ауылдарға үлкен зиян келтірген.

Билік өкілдері қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертіп, барлық ірі іс-шараларды уақытша тоқтатуға және теңіздегі кемелердің порттарға қайтуына бұйрық берді.

4 қараша күні тайфун Филиппин архипелагының орталық бөлігіне соғып, шамамен 706 мың адамға әсер етті. Биліктің айтуынша, 348 мың тұрғын табиғи апат қаупіне байланысты уақытша эвакуациялық орталықтарға көшірілген.

53 елді мекенде төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл билікке шұғыл қорларды пайдаланып, негізгі азық-түлік бағасын уақытша тоқтатуға мүмкіндік берді.

Тайфун салдарынан жүзден астам адам қаза тапты, ондаған елді мекенде төтенше жағдай жарияланды.

Бұған дейін Грекиядағы жойқын зілзала толқындары Түркияға дейін сезілгенін жазғанбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады