Ресей президенті Владимир Путин жайындағы "Кремль сиқыршысы" фильмінің трейлері жарық көрді

Сурет: gaumont
10 қарашада YouTube-тегі Gaumont арнасында "Кремль сиқыршысы" ("The Kremlin Wizard") фильмінің алғашқы трейлері жарық көрді. Онда басты рөлді - Ресей президентінің бейнесін әйгілі актер Джуд Лоу сомдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильмнің режиссері – француз кинематографы Оливье Ассаяс. Картинада 1990-жылдардағы Ресей кезеңі суреттеледі. Оқиға желісінде ел басшысының қасында жүретін ойдан шығарылған саяси технолог – Вадим Баранов бар. Ол болашақ президенттің кеңесшісіне айналады. Бұл рөлді Пол Дано орындаған. Сонымен қатар, фильмде Алисия Викандер мен Том Стерридж те бой көрсетеді.

Фильмнің тұсаукесері 2025 жылдың 31 тамызында 82-Венеция халықаралық кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында өтті. Әлемдік прокатқа шығу күні – 2026 жылдың 21 қаңтары.

Бұған дейін Disney студиясы ойыншықтары жоқ балаларға арналған Рождестволық қысқаметражды фильм түсіргенін жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты